Блог статистикасы
195
Жазбалар
4941
Өтініштер
197914
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

 

Қостанай облысына ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Сапаров Айдарбек Сейпілұлы келді.

Сапар бағдарламасының алғашқы тармақтарының бірі - «Милх» ЖШС өндірістік цехтарын аралау.

 

https://pp.userapi.com/c856132/v856132642/54f05/_Eh0QpispPo.jpg

ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі «Новый день» сауда маркасының қышқыл сүт өнімдерімен және балмұздақ өндірісімен танысты. Айдарбек Сапаров ЖШС директоры                 Сергей Блокпен әңгімелесу барысында өткізу нарықтарының қаншалықты ауқымды екендігіне және шетелге өнімді экспорттаудың жай-күйіне назар аударды.

https://sun3.dataix-kz-akkol.userapi.com/c856132/v856132642/54f0f/MBOtrMkSFmM.jpg

Сондай-ақ Айдарбек Сапаров «Жас-Канат-2006» құс фабрикасын аралау барысында кәсіпорын өнімінің көлемі мен экспорттық бағытына қызығушылық танытты.
https://sun2.dataix-kz-akkol.userapi.com/c856132/v856132642/54f19/Kgabb3wtZCM.jpg

Фабрикада вице-министрге автоматтандырылған желілер көрсетіліп, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығының ұдайы арттырылып отыратындығы туралы айтылды. Бағдарламаның келесі пункті «ОлжаСадчиковское» ЖШС болды, онда Айдарбек сапаров ІҚМ өсіру фермасын аралап, өндіріс мониторингінің арнайы цифрлық жүйесімен танысты.

 

https://sun3.dataix-kz-akkol.userapi.com/c856132/v856132642/54f37/MruEPyfVTZo.jpg

Бірінші Вице-министр Силантьев ауылдық округінде Алтынсарин және Қостанай аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті.

https://sun2.dataix-kz-akkol.userapi.com/c856132/v856132642/54f4a/AqYSdAaRbCY.jpg

«Темте» ЖШС егістігінде өткен кездесу барысында Айдарбек Сапарбеков ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің ұсыныстарын тыңдап, ауыл шаруашылығын әр түрлі бағыттар бойынша субсидиялаудың перспективалары туралы айтып өтті. Вице-министр диқаншылардың барлық ескертулері мен тілектері Үкіметке жеткізілетініне және алдағы уақытта міндетті түрде ескерілетініне уәде берді.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

хат жіберу