Блог статистикасы
195
Жазбалар
4941
Өтініштер
197914
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

положение управления

                                                                                 Әкімдіктің

2018 жылғы « 21 » мамырдағы

№ 221 қаулысына

бекітілген

 

«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әль-Фараби даңғылы, 56.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін белгіленеді.

Қызметкерлер үшін екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленген.

11. Осы Ереже «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларында мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу болады.

15. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру болып табылады;

2) жер реформаларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

16. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді;

3) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асырады;

4) агроөнеркәсіптік кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, агроөнеркәсіптік кешен кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

5) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

6) агроөнеркәсіптік кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

7) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүзеге асырады;

8) азық-түлік тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

9) агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі;

10) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуға, күтіп-ұстауға және реконструкциялауға жәрдемдеседі;
11) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуға, ұстауға және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiруге жәрдемдеседі;

12) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуға жәрдемдеседі;

13) зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;

14) азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсынуды жүзеге асырады;

15) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыруға жәрдемдеседі;

16) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыруға жәрдемдеседі;

17) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекітуді қамтамасыз етеді;

18) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

19) агроөнеркәсіптік кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тартуға жәрдемдеседі;

20) бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасауға жәрдемдеседі;

21) мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасауға жәрдемдеседі;

22) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасауды жүзеге асырады;

23) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы шешімдердің жобаларын әзірлейді;

24) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуға жәрдемдеседі;

25) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияны құру жөнінде шаралар қабылдайды;

26) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

27) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

28) тұқым шаруашылығы субъектілеріне тиісті куәлік бере отырып, аттестаттауды жүргізеді;

29) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;

30) облыс бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;

31) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

32) тиісті куәлік бере отырып, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды жүзеге асырады;

33) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

34) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;

35) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;

36) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;

37) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

38) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

39) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыруға, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіруге және енгізуге жәрдемдеседі;

40) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асырады;

41) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шараларды қабылдайды;

42) астық қабылдау кәсіпорындарын бақылауды жүзеге асырады;

43) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды;

44) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

45) астық сапасын және қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

46) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеру) жүзеге асырады;

47) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

48) астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

49) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

50) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

51) биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады;

52) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндiру жөнiндегi; бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi; барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөнiндегi объектiлердi салу (реконструкциялау) үшiн, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне сәйкес iске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшiн, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

53) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

54) облыстың жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

55) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерiн жасанды ғимараттар салу үшiн беру жөнiндегi облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

56) жердi резервте қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

57) өз құзыретi шегiнде мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;

58) өз құзыретi шегiнде жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

59) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

60) облыстың жердi аймақтарға бөлу жобаларын, жердi ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалары мен схемаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

61) өз құзыретi шегiнде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;

62) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;

63) өз құзыретi шегiнде жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

64) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректерi негiзiнде облыстың жер балансын жасау;

65) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

66) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

67) жер-кадастрлық жоспарды бекiту;

68) орталық уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде жер учаскелерi мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;

69) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесiне ауыртпалықты белгiлеуге және тоқтатуға өтiнiш беру;

70) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;

71) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

72) мемлекеттік қызмет көрсету;

73) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз қызметін басқа да атқарушы билікпен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асыру;

2) заңнамамен белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды алу;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелену, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өз мүдделерін білдіру;

4) «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу;

5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысу үшін басқа да ұйымдар, басқармалар мен ведомстволардың мамандарын тарту;

6) өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен және шетел ұйымдарымен ынтымақтастықта болу;

7) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

8) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады.

19. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшы қызметкерлерінің міндеттерінің шеңберін белгілейді;

2) «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, оның ішінде жеке еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

3) өз құзыреті шегінде «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

5) «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

6) басқа басқармалармен және ведомстволармен бірлескен шешімдер қабылдайды.

«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

23. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

_________________________

хат жіберу